
киелі мекен (holy land) - dimash qudaibergen lyrics
[intro]
оооу, киелі мекенім!
киелі мекенім!
[verse 1]
даладай кең жүректі жаны жомарт елім бар
мейірбан халқымыздың көңілі дархан!
құлпырған қарасаң мол қасиетті жерім бар
қойнауы шежіре мен сырға тұнған
[verse 2]
жігіттерім – өр мінезді, жарқылдаған алмастай –
тараған көк бөріден тектілерміз!
іске шебер, сөзге мығым қиып түсер алдаспан
баба жолын болашаққа жеткіземіз
[chorus]
ооооу, киелі мекенім! киелі елім!
ізі қалған бабалардың қастерлі жерім!
ооооу, киелі мекенім! киелі елім!
ізі қалған бабалардың қастерлі жерім!
[verse 3]
дәстүрім – алтын көмбе ғасырлардан сыр тартқан
тарихым – тамыр жайған еңселі емен!
ерлерін елін сүйген, халқым қолдап үн қатқан
заманның ағымына ерсем деген
[verse 4]
даланың ұландары қыран құстай самғайды
қол созып зеңгір көкке қанат қағып!
арманшыл сезімдерді армандарға жалғайды
қуат алып туған жерден қанаттанып
[bridge]
кіндік қаным тамған жер!
атадан бата алған жер!
кең байтақ далам
қымбатсың маған!
үміттің оты жанған жер!
мұра боп бізге қалған жер!
[chorus]
ооооу киелі мекенім! киелі елім!
ізі қалған бабалардың қастерлі жерім!
ооооу, киелі мекенім! киелі елім!
ізі қалған бабалардың қастерлі жерім!
ооооу, киелі мекенім! киелі елім!
[outro]
ооооу, киелі мекенім! киелі елім!
ізі қалған бабалардың қастерлі жерім!
ооооу, киелі мекенім!
киелі мекенім!
Random Song Lyrics :
- laudate dominum - pierre de manchicourt lyrics
- karadır kaşların ferman yazdırır - halil babür lyrics
- cамурай (комментарий) - terelya lyrics
- alive (remix) - anika iris lyrics
- violet!? - 不破湊 (fuwa minato) lyrics
- magic cloak - lucas vidaur lyrics
- maple leaf - ortega cartel lyrics
- yêu mùa hè - sơn ca lyrics
- breathe - radwulf lyrics
- 家衛 - suno-ai-cantonese-hk2 lyrics