
tek - tregen lyrics
[«tek» әнінің мәтіні]
[шумақ 1]
адамдарға қарап күлем, бірақ не үшін білмейм
сайқымазақтар ол кілең, маған кеп бірдеңе дейд
құлақ аспайм оларға, мен жүре берем үйдегідей
өнерді шыңдай берем, сынды моцарт амадей
өзің болудан қорқып, еркіннің артынан сөйлейсің
алдыңа тағдырды салып әкеп берсе де көнбейсің
бай болсаң бола бер, аузың емес сенің сөзің қисық
түріңе қарап түсінем, неге сенде болмайд ризық
олар саған шешіп бермейд тиыныңды kaspi*ден
hip*hop*қа тойып, кекіріп, шығып келем асүйден
жақын достар көз емес бір*бірін танид қаспенен
жаныма дос табайын десем, қоршалғанмын қазбенен
[қайырма]
үйренейік адам болуды тек, жақындарға сақтамай кек
әттең, болғанда аман әкем, бірге feat*тар жазатын ек
өмір болса да қара түнек, қуануды үйрену керек
себебі құдай саған мүмкіндік бермейд екі мәрте
үйренейік адам болуды тек, жақындарға сақтамай кек
әттең, болғанда аман әкем, бірге feat*тар жазатын ек
өмір болса да қара түнек, қуануды үйрену керек
себебі құдай саған мүмкіндік бермейд екі мәрте
[шумақ 2]
қызықтырмайд не ойлайды жұрт, соның бәрін жұт
бәріне жеткенде жұт үйіме келеді құт*береке
мереке – тойламайтынға келеке
“не байлық? көрсет, кәнекей” десең шығарад әшекей
мен секілді хоби браун
миды ашытып, құлақты бұрам
әдеби сөзбен панчты құрам
кірмесе, айтам қайтадан
мен секілді хоби браун
миды ашытып, құлақты бұрам
әдеби сөзбен панчты құрам
рэпты жылдам айта алам
алайда, бұл сөзіме мән беретін бар ма екен бұл өмірде?
адамға керек тек жеңіл нәрсе, ауыр жүкті мүлде көтере алмайд
бәрі тым осал – жүк түгілі, сөз көтере алмайд
сендерге қарағанда, сөзімді тыңдайды мендік mic
[бридж]
мен сеніммен алға басам сенімен
рэпке батам тәніммен, оны сүйем жаныммен
жарымаған әніммен тарих жасайм тегін мен
кейін болашақта немерем мақтансын деп тегімен
[қайырма]
үйренейік адам болуды тек, жақындарға сақтамай кек
әттең, болғанда аман әкем, бірге feat*тар жазатын ек
өмір болса да қара түнек, қуануды үйрену керек
себебі құдай саған мүмкіндік бермейд екі мәрте
үйренейік адам болуды тек, жақындарға сақтамай кек
әттең, болғанда аман әкем, бірге feat*тар жазатын ек
өмір болса да қара түнек, қуануды үйрену керек
себебі құдай саған мүмкіндік бермейд екі мәрте
[аутро]
tregen on the beat
Random Song Lyrics :
- last days - prime suspects lyrics
- mesibat ravakim - מסיבת רווקים - lior narkis - ליאור נרקיס lyrics
- ride x roll - jay royce lyrics
- state of mind - wildface official lyrics
- doin' me - little brother lyrics
- epic - machel montano lyrics
- let the stillborn come to me - bloodbath lyrics
- fantastico - nat king cole lyrics
- going down - gerome ragni lyrics
- what if - daylyt lyrics