lirikcinta.com
a b c d e f g h i j k l m n o p q r s t u v w x y z 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 #

lirik lagu sabyr – al nasr (g-had otbasy)

Loading...

сабыр

сөкпе мені, сөкпе өмір
сабыр етемін, босатпай көтерем, көңіл шыдаммен төзім
төгілер сезім адамға білмегенді алла, үйреткен өзің
бұл күнде мәз енді кім? әзәзілді жеңем деп, мың нәпсі зұлым
жаман іс жасады құлың. сырты бүтін, іші түтін. тартсам ба деп, таза нұрдан бір жұтым!
мейірім, рақым, сабырға жақын болса пенде, тағар алқымға алтын
түсірме еңсеңді! пәк ол тек шын. таптатпа нық тұр аяқта, халқым!
қиындық келсе басқа, шыда, құтылмассын. одан қашпа, мақта раббыңды
шүкір ет. сынақтан соң сый бар ана жақта
шүкір ет. оң жүрек толар шатқа
шүкір ет. біреуде бар, біреуде жоқ
барда қайғы бар. оның да жүйкесі кеткен жүдеп
жоқта да орындалып үш тілек
демек дүние алма кезек
түзеп берілген тура есеп

тыным таппай жүріп, білегімді түрдім
пайдаланып айналаны ит секілді үрдім
жорғалап өрмеледім биік жартас қырға
қасқырға айналған жан тарқатарында
бас бұрма түнілуге, бұл қате бағыт
талай кезді өткеріп жаратылды уақ
сол күйік жер ме еді үміт серік болмаса
азаптанып кетермін, шаттыққа жан толмаса
құны жоққа сатылма, арзанның тұзы татымас
тіршілік тынысында бірде сау, бірде мас
арпалыстың шегі жоқ, бітпейтің дау*дамай
жаңғақтай қатайдым сынақ түрін таңдамай
рух сапар шекті бала кезден тағы
жел соққан тарапына ұшады оның бағы
шағын үй * жер әлем
шамам келсе шабар ем
сағым жылдар қайта келмес, бұл бір ағым

lirik lagu lainnya :

YANG LAGI NGE-TRENDS...

Loading...