lirikcinta.com
a b c d e f g h i j k l m n o p q r s t u v w x y z 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 #

lirik lagu yertegi (fairy tale) – canyekyey

Loading...

[интро]

уоу*уоу
уоу*уоу
уоу*уоу
уоу*уоу

[қайырмасы]

сенімен ғана, өзен болып ағам
бұлақтай ормандарда
сенімен ғана, жалындап жанам
басқа арман бар ма?!

сенімен ғана өзен болып ағам
бұлақтай ормандарда
сенімен ғана, жалындап жанам
басқа арман бар ма?!

[1 шумақ]

сенімен болу маған ертегі
сенімен болсам ойланбаймын күнді ертеңгі
сенімен таңым да атады белсенді
көңілім салқын, көтересін еңсемді
бар болғаныңмен!
шығарып салған кезде
қоштасқым келмейді менің мүлдем
сыңғырық күлкің менің тәнімді емдейді
сондықтан, жаным, күлімде!
сөз берем үйіміз, алыс емес теңізден
ұлымыз бен қызымыз сүйікті әжесінде
отбасымызбен жиналып, жасаймын барбекю
сосын сенің туыстарың айтады:
* “оның бар ғой әйдік күйеуі”
[бридж]

ойламадым, хикаямыздың бұлай жалғасатынын
байқамадым, өмірімнің бояулары сенімен келіп қалған секілді

[қайырмасы]

сенімен ғана өзен болып ағам
бұлақтай ормандарда
сенімен ғана, жалындап жанам
басқа арман бар ма?! менде*е*эй!

сенімен ғана өзен болып ағам
бұлақтай ормандарда
сенімен ғана, жалындап жанам
басқа арман бар ма?!

[2 шумақ]

сен dc, мен marvel
сен әуен, мен cover
мен бэкхэм, сен модель
мен balmain, сен chanel
сенімен, бүкіл қиындығым көрінеді оңайға
қасында ылғи да боламын, күнім, мұңайма!
сенің майысқан қимылың, адасып таңқалдым
әлемнің ішіндегі ең маңызды қалауым
суреттеуге жетпейді осы ғаламның қаламы
сол үшін еркіммен берілейін, таза жалауым
бәлкім, махаббатымыз мәңгі
сенімен атса таңым
маған одан басқа арман жоқ
сәнді, естіледі әнім
өмірімің мәні
басқа тілегім қалған жоқ!
[бридж]

ойламадым, xикаямыздың бұлай жалғасатынын
байқамадым, өмірімнің бояулары сенімен келіп қалған секілді

[қайырмасы]

сенімен ғана өзен болып ағам
бұлақтай ормандарда
сенімен ғана, жалындап жанам
басқа арман бар ма?! менде*е*эй!

сенімен ғана өзен болып ағам
бұлақтай ормандарда
сенімен ғана, жалындап жанам
басқа арман бар ма?!

lirik lagu lainnya :

YANG LAGI NGE-TRENDS...

Loading...